1995 жылдың күзі. Американың қарулы күштеріне тиесілі үлкен әскери кеме жүзіп келе жатқан. Кенет радардан беймәлім алып «кеме» көрінді. Әскери кеме капитаны рация арқылы:

«Америкалық әскери кеме капитаны сөйлеп тұр. Соқтығысудың алдын алу үшін бағытты оңтүстікке қарай 15 градус бұруың қажет. Қайталаймын. Соқтығысудың алдын алу үшін 15 градус оңтүстікке бұр. Қане!»,-деді.

Қарсы тарап:

«Түсінікті. Бұл – Канада мемлекетіне тиесілі аймақ. Сұранысыңызды қанағаттандыра алмаймын. Бағытыңызды 180 градусқа бұруға кеңес береміз,-деді. Капитан:

«Бұл не демек? Сендерден бар болғаны оңтүстікке қарай 15 градус бұруың керек. Ал, біз солтүстікке қарай 15 градус бұрамыз. Апаттың алдын аламын. Қане, орында!»,-деді.

Қарсы бағыт байланысқа шығып:

«Бұлай болмайды. Сіздің сұрауыңызды орындай алмаймыз. Сіз 180 градусқа бұрыңыз. Тым болмаса, 130 градусқа» – деді. Капитан:

«Неге дауласып жатырсыңдар! 15 градусқа бұру қиын ба?! Біз Америка әскери кемесіміз. Сендер кімсіңдер?!» – деді. Қарсы тарап:

«Бұл – мұнай қоры сақталатын арал. Біз қозғала алмаймыз. Сақ болыңыздар!» – деді.

Кеменің бұрылуына ешбір уақыт қалмаған еді. Өйткені, бар уақыт нәтижесіз рациямен дауласуға кеткен еді.

Түйін: Кез келген жағдайға тек өзіңіздің көзіңізбен қараумен шектелмеңіз. Қарсы тараптың да ойы мен пікірін ескеріңіз. Өйткені, қарсы тарапқа сізге беймәлім және бейхабар жайттар көрініп тұрады.

Руслан ҚАМБАР

Пікір жазу