Жексенбі, 29 Қаңтар, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адам үшін кім қадірлі?

24.01.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
110
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жаратылыс заңдылығынан еш нәрсе тысқары шыға алмайды. Қанша ғасырлар өтсе де, күннің батып, таңның атуын, қыс келіп, жаздың кетуін ешкім өзгерте алған емес. Себебі, бұл құбылыстар бекітіліп қойған өзгермейтін ереже. Сондықтан жер бетінде өте ұлық та керемет болған адам баласының жаратылысының өзіндік ережелері мен бастаулары бар.

Адам баласы ол ережелерді сақтамай, өзінің өмір сүру принциптерінен тайған кезде, хайуанның да іс-әрекетіне ұқсамайтын қылықтарға барады. Мұнымен, адам баласы өзіндік еркі жоқ «робот» деп айтпаймыз. Адам баласы өзінің жан-дүниесіне ұлылық пен махаббатты, қабілет пен ақылды, көркем мінез бен кішіпейілділікті, сезімталдық пен сабырлықты, жақсыны тез үйренгіш, жаманнан жиренгіш секілді қасиеттерді орнатқан мемлекет болуы керек. Адам баласы өмірге келгеннен кейін ең бірінші міндеті – бұл өмірді адам болып сүруі.

– Адам қашан қадірлі?

– Іңгәлап өмірге алғаш келгенінде.

– Адам қашан қадірлі?

– Аһ ұрып, ақтық дем алып өлгенінде!..

Адамзат ойының алыбы Аристотель жазғандай, адам үшін ең әуелгі қажеттілік пен құндылық, бақыт пен байлық – адамгершілік. Бірде қария жігітке: «Өмірде адамға қадірлі кімдер?» – деп сұрақ қойған екен. Сонда жігіт «Адамға – жан қадірлі, жанға – тіршілік беретін нан қадірлі», – депті. Сонда қария: «Жан – адамға өмір сүру үшін керек, нан – тіршілік ету үшін керек» деген екен.

Палудан екінші Құранды өртеді

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023

“Есіңде болсын, өмірде адамға ең қадірлісі – ата-анасы, ұстазы, туысқаны, досы, сүйген жары, ұлы мен қызы. Ата-ана – өмірдің бастамасы, ұстаз – үйретушің, туысқан – қамқоршың, досың – жанашырың, сүйген жарың – қуанышың, ұлың – ізің, қызың – күлкің. Өмірде бұл жетеуін сыйлай білсең, қадірің артады, сыйламасаң қадірің кетеді», – деген екен.

Адамға ақыл беретін ата-анасы, ұстазы, досы екенін ұмытпаған абзал. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ал ұстазы шәкірттеріне айтады. Адал дос – ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың негізі – ақылдан басталады, бауырмалдылықтың негізі – өмірге келгеннен басталады, балалықтың негізі – ойыннан басталады.

Досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, сүйікті жар табу қиын, жақсының көңілін табу қиын, өзіңді-өзің тану қиын, өзгенің жақсылығын алу қиын, ақылың болмаса хан болу қиын, малың болмаса бай болу қиын деген. Шын достық – ақылдыға тән құбылыс.

Ақылды болсаң, алдымен жақсылықты ата-анаңа, сүйген жарыңа, ұл-қызыңа, ағайынға, досыңа жаса. Өмірде жақсылық жасау парызың, ата-анаңның алдындағы қарызың.

Бір күні сүйікті пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Ең қадірлі адам кім, я Расулалла?» – деп сұралды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тақуалығы ең жоғары болған, ғибадаттарын орындайтын және харамдардан сақтанатын адам», – дейді.

Одан кейін: «Ең ақылды адам кім?» деген сұраққа былай жауап береді: «Өлімді ең көп ойлайтын және өлімнен кейінгі өмірі үшін еңбектенетін кісі».

Қорыта айтқанда, Абай жырлаған адамгершілік ілімі пайда болып туған топырағы мен өзін тапқан иесінің тұрғысынан алғанда қазақтық, ұлттық игілік болғанымен, айтар ақиқаты мен қолданбалы сипаты жағынан адамзаттық, әлемдік мән-мазмұнға ие. Абай айтатын «малда да бар жан мен тән» – айуан секілді әйтеуір тірі жүріп күнелтуді танытады, ал адам тіршілігінің сәні мен мәні, қызығы мен қуанышы – тереңге бет қойып танитын ақылы мен ар-ұят, әділет, сүю секілді сезімдері, яғни өзімен барша әлемді танып-біліп, ар-ұят, әділет жолымен жүріп адам болу. Абайдың толық адам ілімі дәл осы Алла жолы – адам болу мен адамгершілікті жүйелі де желілі түрде насихаттап танытады.

Имам Ғазали «Адамның басқа махлұқтардан үстемдігі – ілімде, күш-қуатта емес. Өйткені түйе адамдардан күштірек. Үстемдік ірілік тұрғысынан да емес. Өйткені піл адамдардан ірі. Батылдық тұрғысынан да емес. Өйткені арыстанның батылдығы адамдікінен көбірек. Көп жеуде де емес. Өйткені бұқаның қарны адамның асқазанынан үлкенірек. Сондықтан ілім үстемдігі өте жоғары қасиет», – деген.

Қ. САЛЫҚБАЕВ,

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы,

Р. Нарбек

Тегтер: адамгершілікАта-анабасты тақырыпдосілім-білімсыйластық
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

ҚМДБ: 2023 жыл – «Ислам және ізгі қоғам» жылы
Жаңалықтар

ҚМДБ: 2023 жыл – «Ислам және ізгі қоғам» жылы

26.01.2023
Ораза кестесі – 2022
Ислам

Ережеп айы туралы хадистер

23.01.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алла түрік мұсылмандарының дұғасын қабыл етті

Алла түрік мұсылмандарының дұғасын қабыл етті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

    Ережеп айы және ораза

    1003 рет бөліскен
    Бөлісу 401 Твитерге 251
  • Ережеп айы және Миғраж түні

    587 рет бөліскен
    Бөлісу 235 Твитерге 147
  • Ережеп айы туралы хадистер

    147 рет бөліскен
    Бөлісу 59 Твитерге 37
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    4401 рет бөліскен
    Бөлісу 1760 Твитерге 1100

Соңғы жарияланымдар

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023
0
Палудан екінші Құранды өртеді

Толығырақ оқу

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023
0

Толығырақ оқу

Қайыршылықтың емі бар ма?

27.01.2023
0
Қайыршылықтың емі бар ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00