Тақуа Ғазуан Раққашиден бір кісі:

– Сенің күлмегенің дұрыс дейік. Ал достарыңның мәжілісіне қатысуыңа не кедергі? – деп сұралады. Ол:

– Мен жүрегімнің рахатын өзім мұқтаж болған Раббымның жанында болудан табамын, – деп жауап береді.

* * *

Бірде әулие Уайс әл-Қарани отырған кезінде Һарам ибн Хаййан келіп қалады. Уайс әл-Қарани оған:

– Сені мұнда не әкелді? – дейді.

– Сенімен достық сұхбат құру үшін келдім, – дейді. Уайс әл-Қарани:

– Раббысын танып, сосын басқамен сұхбаттасқысы келетін ешбір жанды көрмеген екенмін, – дейді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу