Қазақтың баябан даласы данагөй абыз ақсақалдар мен ғұлама данышпандардан құралақан болған емес. Солардың бірі – тағдыры қысым мен қыспаққа толы Кеңестік кезеңге тура келсе де, ата дініміздің арда құндылықтарын өз буынына насихаттап қалуды парыз тұтқан Арқаның абыз ақсақалы Сәдуақас қажы Ғылмани.
Ерейментау өңірі мен кезіндегі Ақмола қаласындағы мешіттердің алғашқы имамдарының бірі болған, кейіннен, нақтырақ айтсақ, 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятының қазиы, сондай-ақ Орта Азия және Қазақстан діни басқармасының мүшесі қызметін атқарған Сәдуақас қажының артында қалдырған мұралары аз емес. Бірқатар ауыз әдебиетін жинаумен ғана шектеліп қалмай, ғылыми һәм діни еңбектер жазып, шет тіліндегі әдебиет жауһарларын қазақша сайратқан қайреткердің көптеген шығармалары әлі де жарық көріп үлгерген жоқ. Соның ішінде 1970-жылы жазылған «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы» атты қолжазба кітабы ұрпақтарының қолында әлі күнге дейін сақтаулы.
Астана қаласындағы ең алғашқы мешітке 2005 жылы Сәдуақас қажы Ғылманидың аты берілгені ел есінде. Арқа төсіндегі аты затына сай мешіт бүгінде Сәдуақастану ғылымына хал-қадірінше өз үлесін қосып келе жатыр десек асып айтқан болмаспын. Осыдан жыл жарым уақыт бұрын мешітіміздің бұрынғы Бас имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың бастамасымен бірнеше кітаптары қолжазбадан қазіргі қазақ харпіне көшіріле бастаған еді. Б.Бейсенбаевті қызметі ауысса да, бұл игілікті жұмыс ақсап қалған жоқ. Мешітке жаңадан тағайындалған Бас имам, елімізге танымал қари Жұманазар Садырханов қызметке кіріскеннен кейін де заңды жалғасын тауып келеді. Бұл жұмыстарға белгілі сәдуақастанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы да жақынан жанашырлық танытып, мешіт бастамасына көзқұлақ боп келеді.
Игі бастама аясында, бас имамдардың тапсырмасымен С.Ғылманидың «Құран туралы өтіріктер мен жалаларға қарсы» атты кітабын А.Байтұрсыновтың төте жазуымен жазылған қолжазба нұсқасынан қазіргі қазақ харпіне аудару жұмысы жүктелген еді. Бүгінде аударылып біткен қолжазба кітап әлі күнге жарық көрмесе де, алдағы уақыттарда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көріп қалар деген үміттеміз.
Жарты жылға созылған аударма жұмысы барысында аталмыш еңбектің ұлт руханияты мен еліміздегі Исламтану ғылымына берері мол екеніне көзім жетті. Абыз ақсақалдың қолжазбасын ең алғаш, ден қойып, жүйелі түрде толық оқып шыққан оқырман ретінде қолжазба хақында бірер ауыз сөз айтуды жөн көрдім.
С.Ғылмани өз қолжазбасында кімге, қайсы кітапқа тойтарыс беріп отырғаны жайлы дерек келтірмеген. Ғылманидың тойтарыс беріп отырған кітаптың аты мен авторын ескертпеуі, менің пікірім бойынша, қаламы қарымды қайраткердің сақтығы. Ұмытып кетті деудің реті жоқ. Реті болмайтыны – кітапты автордың жазып болғаннан кейін үстінен қайта қарап, сөйлем арасына сөз қосып, кей тұстарды ішінара түзеткені байқалады. Бұл жазуларда автор қолтаңбасынан аумағанына қарағанда. Кітапты қайта терсергенінде гәп жоқ. Сондықтан С.Ғылманидың ұмытып, жазбай кетуі мүмкін емес. Қатаң цензура мен біраз уақытқа созылған қуғын-сүргіннен кейін осындай тәсіл қолданған болуы керек. Өйткені кітап пен автордың атын ашық айту, жеке басы қуғын-сүргінге көп ұшыраған қайреткерге қауіптің қара бұлтын үйіретіні анық.
Ал, автор қолжазбасының аудармасы негізінде магистрлік зерттеу жұмысын бастаған И.Бердалиев «Сәдуақас қажы Ғылмани шығармаларындағы діншілдік мәселесі» атты ғылыми мақаласында Сәдуақас қажының тойтарыс берген кітабының аты «Құран туралы ақиқаттар» деп аталатынын, авторы С.Токжигитов деген азамат екені көрсетілген. Бұл дерек, қолжазбаның 116- бетіндегі «Аптор осы бөлімде тағы өзінің мінегіш көб сөздері, мінездерімен 51-с, 57-аятының мәнісін келтіріб өзінің аты мен памелиясының ишарасы (С.Т.)[1] мен былай дейді» деген сөйлемдегі автордың аты-жөнінен жасалған ишарада С.Токжигитов екеніне сәйкес келіп тұр.
Автор кітап жазуда өзі тойтарыс беріп отырған кітаптың ізін қуалай жазған. Олай болатыны, біріншіден, кітаптың алдыңғы алты бөлімі рим цифрымен көрсетіліп, қалған әрбір мазмұндық бөліктердің тақырыптары тырнақшамен берілген. Бұл тақырып өзі сөзі емес деген сөз. Яғни төлеу сөз болғандығында. Екіншіден, кейбір тақырыптар аясында сөз қозғағанда өзі тақырыптың, тойтарыс берген кітаптың мазмұндық бөлімінің тақырыбы екені жайлы тоқталып кететін орындар бар. Сондықтан, С.Токжигитов кітабының мазмұнын қандай тақырыптармен бөлсе, С.Ғылмани да өз тырнақшаға ала отырып сол тақырыпты қолданады. Сол арқылы атеистік пікірлер мен Құранға жабылған жала, дін турасындағы сайқы мазақ, кекесінді сөйлемдерді дәлелге ала отырып тойтарыс жасайды. Бұл дәлелге алынға мәтін үзінділерін төлеу сөз екенін білдірмекке тырнақшаға алып отырған. Қолжазбада бұл мәтіндердің дерлік асты сызылған. Міне, осындай мазмұндық ерекшеліктер мен әдіс-тәсілдер Ғылманидың кімнің, қай кітабына тойтарыс беріп отырғанын тауып алуға мүмкіндік жасап отыр.
Қылышынан қан тамған Кеңестік жүйе адамдарға не істетпеді дейсіз? Алланың атын ауызға алып, ашық кәлима айтудан именді, небір тау тұлға азаматтарымызды арулап қоюдың мүмкіндігі болмады. Халық ата діннен көз жазып, үкімет «Сапты аяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған» бұлағай заманда Ислам құндылықтарын күстаналап, хақ дінге күйе жаққысы келгендер де болмай қойсын ба? Сондай кезеңдердің бірінде С.Токжигитов аталмыш кітапты жазып, Ислам құндылықтарын негізсіз қаралап, ойдан қиыстырылған «дәлелдермен» Құран құндылықтарына «тас лақтырады». Өзі Қазақстан қазиятының қазиы, Орта Азия және Қазақстан діни басқармасының мүшесі қызметін атқаратын дін ғұламасының мұндай кезде үнсіз қалмайтыны, әрине, заңды да…
Аталмыш қолжазба автордың өзінің нөмерлеуімен А4 форматында 149 бет, сосын үш бетке кітап мазмұны (тақырыптар мен олардың қай бетте екендігі) жазылған. Парақтың бір ғана бетіне жазып, келесі бетін ақ қалдырып отырған. Мәтін жазылған беттің сол жағыда парақ ернеуіне 1-1,5 см шамасында аралық қалдырылып тік сызық сызылып отырған. Бұл мәтіннің реттілігі үшін болса да, керек жағдайда сол жерлерге кіріспе сөздер, сөз мағыналары берілген. Ал, кітаптың ең бірінші бетінде «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы» деп кітап аты жазылып, «С.Ғылмани» деп арабша қол қойған да, «1970 жылы 27 қаңтардан, 1 желтоқсан» деп дата көрсетілген. Мүмкін, кітап осы аралықта жазылған болуы керек. Мақала басында «1970-жылы жазылған» деп кесетіп айтылуы да осындай негізден.
Кітаптың тілі ХХ ғасырдың басындағы қазақ тілінің тілдік нормаларынан зор хабар жеткізіп тұрғандай. Қолжазбаны парақтап оқи бастасаңыз «дейілген (делінген)», «мәнісі, мәні (мағынасы)», «бүтіл (күллі, бәрі)», «мисал (мысал)», «көнбіс (көмпіс)», «Еслам (Ислам)», «тәрбия (тәрбие)», «аптор (автор)», «енсап (нысап)», «памелия (фамилия)», т.б бүгінде қолданыстан қалып бара жатқан, ХХ ғасырдың еншісінде қалды деп есептелетін қаймағы қалың қазақы сөз нормалары көптеп қылаң береді. «Олай болса» деген сөзді «Алай болса» деп жазғанын, «Жәннат» дегенді «Ұжмақ(немесе Ұжмах)» деп қолданғанын оқығанда осыдан жиырма жыл бұрын қайтыс болған атам марқұмның дауысы құлағыма келгендей болды.
Қолжазбаны парақтай отырып, «Әділетсіздік қай жерден келді?», «Сондықтан олар қуылып, кең, жайлы отырған Мединедегі халы болмай қысыңқы халға ұшыраған»[2], «Бұл 5-сүре Мединеде енген сүрелерден»[3], «…Анықтап оқығандар салыстырса, енсабы болса, қайшылығы жоқ екенін аңдайды»[4], «Шынында اللهның бендесіне деген неғматын бенде санап бітіргісіз. Соны бұрмалап, «сілет», «міндет» қылады деб мінемекші болады»[5], т.б сөйлемдер сол кездегі қазақ халқының тілдік нормасы мен сөйлеу мәнерінен қалған «көненің көзі» деуге болады. Ендеше, тарих қойнауына кетіп бара жатқан тілдік нормаларымыз бен тілдік қорымызды зерттеуде де кітаптың берері мол болмақ.
Сонымен біре, Алла[6], Ислам[7], иншалла[8], шариғат, лұғат, т.б шариғат терминдері мен Мұхаммед (с.ғ.с), Әбузар, Фатима, Ибн Халдун, т.б Ислам тарихында аты қалған тұлғалардың аттарын бірде қазақша, бірде таза араб тілінде жазып отырған. Автордың бұлай жазуы екі нәрседен хабар беріп тұр деуге болады. Біріншіден, автордың араб тіліне жүйріктігін танытса, екіншіден, халқымыздың осы терминдерді қалай ділдік нормамызға сәйкес «бейімдегенін» аңғартады.
Діндік терминдерді бірізділендіру. Бұл мәселе исламтану ғылымы мен қазақ тілінің терминологиясының негізгі күнтәртібінде тұрған міндеттердің бірі десек, аусай айтқан болмаспыз. Ендеше, қолжазбадағы «петна», «Медине»[9], «халипа»[10], «Әубәкір»[11], т.б терминдер бүгінде біздің талас қылып жүрген бірқатар терминдерімізді халқымыздың сол заманда-ақ қазақ тілінің тілдік нормасына сай икемдеп алғанын аңғартқандай. Бұл діни терминдерді бірізділендіру мәселесінде де кітаптың берері аз емес деген сөз.
Сонымен қатар, қолжазба кітапта бірқатар ауыз әдебиетінің, өз заманында ел арасында «пәлен айтыпты», «түгенше айтты» деп тарап жүрген ауыз әдебиет туындыларының нұсқаларын да кездестіруге болады. Мәселен;
«Құлыншақ бен Құлан ақын сықылды ақындардың қулана сөйлегенін естіп Қуат дейтін ақын мына өлеңін айтыпты. Соны қоса кетейік:
Әлді ұстасса әлдімен жарасады,
Әлсіз неге әлдімен таласады.
Бенделерге айтқаны жарайды-ғой!
Хұдайыңа кім істер арашаны.
Арашасы болмаса қара жүз боб,
Не онда, не мұнда жоқ адасады.
Қусымақ боп қылжақбас өткен адам,
Абыройын халық алдында бір ашады,-депті[12]» деген секілді ауызша айтылып жүрген әдеби жәдігерлерді де жолықтыруға болады. Бұған қоса, ораза жайлы «Бейімбеттің өлеңі»[13], «Пітірпауыл (Қызылжар)[14] қаласының Ғазез деген хазіреттің басынан өткен бір уағиға»[15], «Олжа сықылы дана адамдардың» өлеңі[16], «Ақмолда марқұмның айтқаны» дейтін өлең шумақтары[17], «бір кемеңгер адам өлеңі»[18], «Меделбек деген ақсақал» өлеңі[19], сонымен қатар, «Мен бұл туралы діншілдерден бастап, дін үйренгенде үйренетін кітабы Иман шартқа бір ғалымның берген түсінігін айтып өтейін; оқушының бірі емес бәрі де миына салып қарасын!» деп келетін сұрау-жауап күйіндегі өлең шумақтары[20], «Абай ақсақал мен месионер сұрақ-жауабы»[21], т.б. осы сөзіміздің дәлелі.
Бұл Ғылми ақсақалдың бір ғана қолжазбасында қарапайым журналист, оқырман менің көзіме көрінген дүниелер. Ал, кәсби дінтанушылар, әдебиеттанушылар мен тіл мамандары басқа не табатынын уақыт көрсетер.
Менің бір түйгенім, тарлан тарихымызда «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (А.Құнанбайұлы) тұлғаларымыздың басына жарыса «тас қамал» соғып, шырақшы қойғаннан гөрі олардың өшкенін жандырып, ғылымға соққан тас қамалына ие боп, шырақшы болудың ұрпақ үшін пайдасы көп, игілігі басым іс екен.
Оразбек САПАРХАН
________________________
[1] Төте жазуда с әрпін жазбаша жазу барысында сүйкектетіп, жаза салса, әріп формасы басқаша шығуы мүмкін. Қолжазбада осы жердегі әріп «м» ға да ұқсап кетеді. Дегенмен С.Токжигитовтың сондай кітабы болғаны, әріптің сүйкектетіп жазған «с» болуы бек мүмкіндігін ескеріп, «с» әрпі деп таныдым.
[2] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 55-бет. Сол беттің басынан санағанда 1-2 жолдарда.
[3] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 110-бет. Төртінші абзацтың басында. Сол беттің басынан санағанда 14-15 жолдарында.
[4] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 141-бет. Екінші абзацтың соңғы сөйлемінен. Сол беттің басынан санағанда 19- жолында.
[5]Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 74-бет. Екінші абзацтың соңғы сөйлемінен. Сол беттің басынан санағанда 20-21 жолдарында.
[6] Кітапта бастан-аяқ «الله» деп береді. Ал, Алла Тағала деп жазылса, «الله تعلى» немесе «الله тағала» деп жазады. Ал, қазақша «Құдай» дегенді «Хұдай» деп қолданған.
[7] Кітапта бірде арабша الاسلام, бірде еслам, бірде арабша мен төтешені араластырып, اسلام деп жазады. Бұнда ا кәсралы болса, и боп оқылады да, Ислам болады.
[8] Кітапта бірде арабша انشاء الله, бірде «еншелла» деп келеді.
[9] Қасиетті Мадина қаласының атауы.
[10] Халифа.
[11] Әбу Бәкір әс-Сыддық. Даңқты сахаба, бірінші халифа.
[12] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 78-бет.
[13] Автор осылай атаған. Ал осы өлеңнің бір шумағы қолжазбаның 144-бетінде, авторы «Қазақ ақыны Бейімбет Майлин» екенін ашық жазу арқылы беріліп отыр.
[14] Автор тура осылай қолданған.
[15] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 120-бет.
[16] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 26-бет.
[17] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 50-бет.
[18] Автор осылай атайды. Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 91-бет.
[19] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 144-бет.
[20] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 61-62 беттер.
[21] Қолжазба, автордың өзінің нөмірлеуімен 97-беті.