Өз-өзіне келгенде, қасындағылар одан неліктен жылағанын сұрады. Әбу Бәкір (р.а.) былай деп жауап берді:
– Бір күні Пайғамбарымызбен (саллаллаһу алайһи уәсәлләммен) отырғанда, әлден уақытта қолымен бір нәрсені кері итергендей қимыл көрсетті. Жақындамақшы болған біреуді өзіне жақындатқысы келмегендей әсер берді. Сәлден кейін мен: – Уа, Алланың елшісі, жаңа қолыңызбен бір нәрсені кері итеріп жаттыңыз? – деп әлгі қимылының мәнін білмек болдым.
Сонда ол: «Дүние қызылды-жасыл күйінде таяп келіп, өзін қабылдатқысы келді. Мен оны қасымнан қудым. Ол «Ант етейін, сен менен қашып құтылсаң да, сенен кейінгілер менен құтыла алмайды, қайткенде де құрығыма ілінеді» деп кетті» деп түсіндірді.
Хазірет Әбу Бәкір осыны айтып:
– Осы суық суды ішем деп мен де дүниеге құмартқан жоқпын ба?! – деп жыладым деді.
Құдайберді БАҒАШАР