#Abai175: Н.Ноғаев Сириядан оралған қыздан эстафетаны қабылдады

    276

    19 шілде. KAZISLAM –  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны аймақ басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, «Ақ Жайық» газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев жолдаған болатын.

    Атырау облысының әкімі Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқып, эстафетаны профессор Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа, экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

    Тағы оқи отырыңыз: «Тамұқтан» оралған қыз