12 қыркүйек. KAZISLAM – Ақтау қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен  Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау оқыту курсы сәтті аяқталды.

Оқыту курсы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыстың теологиялық және психологиялық дағдыларын арттыру мақсатында дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізетін қалалық, аудандық исламтанушы, теолог-мамандарға арналған болатын.

Оқыту курсы барысында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы, сарапшы-теолог, ҚР АҚ ДМ ДІК жанындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық АТТ мүшесі, «КАZISLAM» ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы Тұрар Абуов Түгелұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлімінің басшысы, философия магистрі Ольга Гайко Александровна, Нұр-Сұлтан қаласының «Дін мәселесін зерттеу орталығы» серіктестігінің психолог маманы Лимана Қойшиева, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Қилымбекқызы дәріс жүргізді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов көз жұмды

Курсты ұйымдастырған «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы соңғы күні оқу бағдарламасын толық меңгерген АТТ мүшелеріне аттестациялау жүргізіп, нәтижесінде сертификаттар мен арнайы куәліктер табыстады.

Пікір жазу