Ақтау: Мешітте 100 истиғфар мен салауат дұғасы оқылды

    658

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының  еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырған Үндеуіне сай Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде дұға оқылды.

    «Басты мақсат – еліміздің Бас мүфтиінің үндеуін қолдап, жұқпалы індетке шалдыққан науқастардың тезірек айығуын Алладан сұрап, жұма күні, бесін намазынан соң, 100 истиғфар және 100 салауат айтып, дұға жасадық. Жасаған Алла халқымызға амандық беріп, жамағаттың жарқын жүзін мешітімізде қауыштыруды жазғай! – дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  ҚМДБ: Еңбек күніне орай оқырман сауалдарына жауап беріледі

    Ақтау қалалық Бекет ата мешіті төтенше жағдайға байланысты уақытша қызмет шектелген.

    Қазір қайырымдылық шаралары қолға алынып, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік көмектері жүргізілуде.

    Пікір жазу