БҰҰ-ның Нигериядағы тұрғылықты халықты қолдау қоры Чибок қаласында жоғалған қыздардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетіп келеді. 12-17 жасар қыздардың ұрлануы – Нигериядағы БҰҰ-на қарасты қордың жетекшісі Ратиджи Ндволудың айтуынша, үлкен толқу тудырған. Бұл ретте ұрпақ саулығы мен әйелдерді зорлау мәселелері халықтық трагедияға айналғаны мәлім. Қор басшысы «Тұтқыннан қашып шыққан қыздар жол бойында адам жаны түршігерліктей зорлыққа тап болды. Бұл ауыр трагедия. Біз бұл қыздарғы медициналық және психологиялық көмек көрсетіп отырмыз» дей келе, Борно провинциясында зардап шекккендердің басым бөлігі әйелдер мен балалар екенін айтты. 

E-islam.kz

Пікір жазу