97 жасында жүргізуші куәлігін алды

    0
    1

    Астана. 12 ақпан. KAZISLAM – Дубайла үндістандық Техемтен Хоми Дхунджибой Мета 97 жасында көлік жүргізуші куәлігін жаңартты. Айта кету керек, көлік жүргізуде мол тәжірибесі бар қария өзі көлікке отыруға асықпайды. Айтуынша, көлікпен жүру адамды жалқау қылады.

    Ол қалада 2004 жылдан бері тек қана қоғамдық көлікпен жүреді. Күн сайынғы жаяу жүруі өзінің ұзақ өмір сүруіне әсер етті деп санайды қария.

    Еске салсақ, жуырда көлік айдаудан Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның 97 жастағы күйеуі ханзада Филип те бас тартқан болатын. Ханзада бұл шешімге корольдік Сандрингем ауласына жақын маңда жол көлік оқиғасына душар болғаннан кейін келген, деп жазады Islam Today.