Әбу Бәкір әл Бағдади: «Ислам халифатын Еуропада құруды жоспарлап отырмыз»

    117

    «Ирактың шаруасын бітіргеннен кейін кезек Еуропаға келеді» деген лаңкестік топ басшысы Андалусия, яғни, Испания территориясына өз режимін орнататынын нақтылаған. «Қазақпараттың»  «Итар-тасс» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, «ИШИР» жетекшісі бұл мәлімдемені өз жақтастарына қарата айтқан. Оның жоспары бойынша халифат режиміне көшкен еуропалықтар әл Бағдадидің сенімді әскери қызметкері арқылы басқарылады. «Олар кем дегенде Бағдади саясатын қолдайтын 10 кісіден тартады» деп кесіп айтады «ИШИР» жетекшісі.

    Айта кету керек, әл-Бағдади өзін Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) нақ мұрагеріне санайды. Исламды Бағдад университетінен меңгерген ол Ирактың партизандар әскерінде ұрысқа қатынасып, 2005 жылы америкалықтардың құрығына түскен болатын. Төрт жылдан кейін оны белгісіз себептермен бостандыққа жіберген. «Ирак ислам мемдекетінің» басына 2010 жылы келеді. Содан бері қылышынан қанның табы кетпеген бас қылмыскердің бұл әрекетін ислам ғалымдары харамға жатқызады. Мәселен, Катар астанасында мәлімдеме жасаған теолог, доктор Юсуф әл Кардави «лаңкестік топтың Ислам халифатын жариялауы шариғат нормасына сай келмейді» деп нақтылаған. 

    E-islam.kz

    Пікір жазу