Лесбилер жырына нүкте қойылуға жақын

    0
    126

    «Астанада лесби қыздарға қатысты сот басталды. Ғашығын өлтірген әйел 3 сыбайласымен бірге жауап беріп жатыр» деп хабарлайды «КТК» арнасы. Естеріңізде болса, Кристина мен Александра өткен жылы некеге тұрып, айды аспанға шығарған еді. Қарағандыда дүркіреп өткен тойдың дүбірі ғаламторды шарлаған болатын. Бірнеше ай өткеннен кейін Александра күйеуі болып жүрген Кристинаны өз сыбайластары Диана Нұржанова мен Мария Гурьеваның көмегімен, буындырып өлтіріп, денесін бөлшектеп өртеп жіберген еді. Куәгерлердің айтуынша Александра сот залында өзін тым байсалды ұстап, сұрақтарға күле жауап беріпті. Ал сыбайластары қателерін түсініп, көздеріне жас алған.

    Марқұмның анасы қылмыскерлерге қарғыс жаудырып, адал үкім шығуын талап етуде. Айта кетейік, Александра Ли өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

    E-islam.kz

    Пікір жазу