Жаңалықтар

Содырлардың беті қатты

Кеше бүкіләлемнің бұқаралық ақпарат құралдарының аузында «Ирак пен Леванттағы Ислам мемлекеті» (ISID) ұйымы Джалула және Садия шаһарларын басып алғаны туралы ақпарат жүрді. Барлық мәселе, сонда, жиҺадшылардың сесінен қорыққан жергілікті қауіпсіздік күштері қаланы қорғауға әрекет етудің орнына, тым-тырақай қашқан. Өткен жолғы екі қала Мосул мен Тикрит та радикалды топтар қолына осы жолмен түскен болатын. Олардың ендігі бағыты — ел астанасы Бағдад. Оған жетуге 60 шақырым ғана қалған. 

Ирак әскерлерінің құты қашқан себебін интернеттегі кей видеолардың әсері деп тапқан билік, ел ішінде интернет байланыстарын тоқтатқан. Сонымен бірге YouTube, Twitter, Facebook әлеуметтік желілері шектелді. Кувейт ақпарат агенттігінің (КУНА) хабарлауынша, бұл іске тікелей Ирактың байланыс министрлігі мұрындық болып отыр. 

Иә, Ирактағы жағдай өте ауыр. АҚШ президенті Барак Обама Американың Ирактағы қарулы топтардың бекіністеріне әуеден соққы беруі мүмкін екенін айтқан. Ирактың аңыраған билігіне сыртқы күштер көмек қолын созбаса, болмас. Осы аптаның ішінде 1 миллионға жуық ирактық азамат босып кеткен. 

E-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close