Террористер шаттық шеруіне шықты

    0
    3

    ISID, яғни «Ирак-Шам ислам республикасы» лаңкестік ұйымының мүшелері қолдарына қара жалау және қала гербін ұстап, қаланың ірі көшелеріндегі қозғалысты тоқтатып тастап, аспанға бірнеше рет оқ атып, көліктерінің сигналын ұзақ-ұзақ басып, тойлатты. Естеріңізге сала кетейік, кей деректер аталмыш лаңкестік ұйымның батыстың алпауыт мемлекеттерінен қолдау тауып, өте жылдам күш алып бара жатқанын алға тартады. «Олардың ендігі бағыты Бағдад» деген де қауесет бар ел арасында. Осы жолғы шабуылында ISID консулдықтың 48 қызметкерін, олардың отбасын кепілге алған. Түркиялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жергілікті әскерилер мен полиция қызметкерлері қаланы тастап қашқандықтан, елшіліктегілер бой тасалап үлгере алмай қалған. Ниневия провинциясының орталығын өткен аптаның соңында шабуылдай бастаған Мосул қаласымен қоса, іргелес жатқан елді мекендерді де өз қарамағына өткізген. болатын. 



    E-islam.kz

    Пікір жазу