Жаңалықтар

Жарылыс жасағанға үкім шықты

«2013 жылы 30-шы желтоқсанда Ақмола облысы Щучье қаласындағы Каспий банк бөлімшесі ғимараты жанында жарылыс болған еді. Дәл сол сәтте банктен инкассаторлар шығып келе жатқан. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Құқық қорғау қызметкерлері көп ұзамай қылмыскерлерді қолға түсірді» деп ақпарлайды «Хабар» агенттігі. Оқиға орын алғаннан кейін Щучье қаласының үш тұрғыны ұсталып, тергеу барысында оның біреуі қылмысқа қатысы барын, бұл әрекетін сыбайластарының ұрлық жасауына мүмкіндік тудыру үшін құқық қорғау қызметкерлерінің назарын аудармақ болып жасағанын мойындаған. Енді ол 5 жыл 9 ай уақытын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өткізетін болады. 

E-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close