Жаңалықтар

Биліктің батылы жетпеген іс баланың қолынан келді

«Боко харам» радикалды ұйымы алып кеткен 200-ден астам қыздың ортасынан қашып шыққан қос қызды 15 жасар ерікті жасөспірім құтқарып қалды. Куәгерлердің айтуынша үсті-басы қан, киімдері паршаланған қыздардың денесінен зорланғанын аңғару қиын емес. Естері кіресілі-шығасылы жатқан екі қыз, өздерінің зорланғанын айтып үлгерген. Енді еркек атаулымен тілдескісі келмейтінін айтқан ауыр халдегі қыздарды еріктілер орманға жақын жердегі қалаға жеткізген. 

Бір қызығы құтқарушы 15 жасар Баба Гони бірнеше жыл бұрын қарулы топтың қақпанына түсіп, олардың қолында 2 жыл болған. Қашып құтылмаса тағдырының не болары белгісіз еді. Содан бері бала бандиттермен күресу тобының құрамында қызмет етіп келеді. Бұрындары медреседе оқығанымен бала оқып та, жазыпта білмейді екен. 

Жасөспірімнің айтуынша «Боко Харам» мүшелері өз еріктерімен келетін әйелдермен бірге тұрады. Осыған дейін қыздарды ұрламаған. Ол сондай-ақ, оларды басқаратын жасамыс кісілердің барын, олар идеологиялық бағыт-бағдар беріп, өз қарамағындағыларды барынша жасырын ұстайтынын айтады. Баланың сипаттауынша «Боко Харам» мүшелері 5 уақыт намаз оқиды, одан өзге қылықтары мен іс-әрекеттері исламға мүлдем жат. 

E-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close