Террорист мемлекет

    0
    70

    2 маусымда Египет Үкіметінің Катарды «терроризмді қаржыландырушы мемлекет» деп айыптауына қатысты шешімі Египет сотымен қайта қаралатын болады. Бұл туралы «Islamnews» хабарлайды. Бұдан бұрын сот осы айыпқа қатысты шешім қабылдау құзіретіне кірмейтінін айтқан болатын. Десе де египеттік юрист Самир Сабри аластатылған президент  Мурсиге қатысты бірнеше айыптарды алға тартып, қала берді «Мұсылман бауырлар» ұйымы мен «әл-Жазира» белсенді оппоненттеріне қатысты фактілерді көрсетіп, сот шешімін теріске шығарған болатын. Өздеріңіз білетіндей, Каир мен Доха арасындағы жағдай, заңды сайланған алғашқы президент Мұхаммад Мурси тақтан кеткеннен кейін шиеленісе түскен болатын. Катар қаржыландыратын «әл-Жазира» каналы Египеттегі жағдайды мүмкіндігінше бұрмалап сипаттағандықтан Каир билігі Египеттің ішкі ісіне араласты деп Катарды айыптап келеді. Егер осы айып толықтай расталатын болса, араб әлемінің саяси ынтымақтастығына сызат түсуі мүмкін.  

    E-islam.kz

    Пікір жазу