Бірлік, келісім, бейбітшілік — басты жетістік

    0
    3

    Бүгін, яғни 25 сәуір күні Қызылорда облысының Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.    

        Шараның басты мақсаты еліміздегі әралуан этномәдени және діни дәстүрлердің бірге жасасып келе жатқаны айқын, сондықтан бұны көпэтникалық және көпконфессиялық жасампаздық пен ілгерілеудің  басты факторына айналдыру.  Өзара түсіністік пен татулық жолымен ғана үлкен жетістікке жетуге болатынын, осы жол арқылы ғана қазақстандық қоғамның саналуан  айшықты келбетін құрайтын барлық діндер мен мәдениеттердің  бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып,  қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.

     Еліміздегі дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастарды,   сонымен қатар өңіріміздегі бейбітшілік пен татулықты нығайту аясында өткізілген шараға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері, құқық қорғау органдары, облыстық  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің оқытушылары, Болашақ университетінің оқытушылары, үкіметтік емес ұйымдар және этномәдени бірлестіктер мен   діни бірлестіктердің жетекшілері,  бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

    Аталмыш дөңгелек үстелде баяндамалар жасалып, тақырыпты одан әрі аша түсті.

    Шара қорытындысында  қатысушылар тарапынан  жан-жақты  сұрақтар қойылып, жауап алынды. Біршама ойлар айтылып, пікірлер ортаға тасталды.

    E-islam.kz

    Пікір жазу