«Ислам және жергілікті халықтың дәстүрі мен мәдениеті»

    0
    43

    Жаһандану үдерісі белең алып отырған бүгінгі қоғамда ислам мен дәстүрдің сабақтастығын ұғынбаған азаматтарды бармағын ішіне бүккен бүлікші топтың маңайлайтыны жасырын емес. Ел ішіне іріткі салып, үй ішінен үй тігіп, сол арқылы, ұлттың таңына таңба салуды көздейтін жат пиғылды топтар өз дәстүрін, ділін, тілін, туған топырағының тарихын өн бойына терең сіңіре алмағандарды оп-оңай жүндеп ала жөнелетінін өмірдің өзі дәлелдеп бергені бар. Сондықтан да, Бас мүфти биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялап, осынау екі қасиетті ұғымның қазақ қоғамында қашан да біте қайнасқанын алға тартып келеді. Бағаналы дәстүр, базарлы ғұмырында имандылықты ту еткен бабаларымыз, Елбасы айтқандай, ұрпағына ұяларлық дүние тастамаған. Ендеше өз ділімізден, дінімізден безетін ретіміз жоқ. Біз теріс қарай жүрсек, ол біреудің қаңсығын таңсық көргендіктен орын алып отыр. Ендеше, бүгін мешітті бетке ал, ағайын! Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде «Ислам және жергілікті халықтың дәстүрі мен мәдениеті» тақырыбы уағызға тұздық болады. 

    E-islam.kz

    Пікір жазу