Хадж сапары киімдерін тігетін шеберлер таңдалмақ

    100

    Тәжікстанда «Қажылық-2014» рәсіміне арналған бірыңғай киімдерге тендер жарияланбақ. Zona.kz-тің хабарлауынша, қажылыққа киетін киім ең алдымен ыңғайлы, сапалы әрі қарапайым болмағы шарт. Мекке мен Мәдинаға жол тартатын азаматтардың сол жақта жасайтын іс-әрекеттеріне де ыңғайлы болуы міндеттеледі. Тендер 10 наурызға жоспарланып отыр. Ал өтініштер 7 наурызға дейін ғана қабылданады. 2013 жылы қажылық сапарға барған кісілерге жергілікті “Екут-2000” кәсіпорнының киім, сөмке, аяқ киімдерден тұратын жиынтығы ұсынылған екен. 

    E-islam.kz

    Пікір жазу