«Нұр Астана» мешітінің жаңа наиб имамы — Бекзат Ақжігітов

    0
    103

    «ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақжигитов Бекзат «Нұр Астана» мешітіне найб имам қызметіне тағайындалды» деп хабарлайды «Нұр Астана» мешітінің баспасөз қызметі. Жаңа наиб имамның өмірбаянына келер болсақ, мынадай ақпараттарға қанығасыз:

    • Бекзат Ақжигитов 1975 жылы 1-наурызда бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданында дүниеге келген.
    • 1992-1996 жылдар аралығында Өзбекстан мемлекетінде діни білім алған. 1996-1997 жылы Сарыағаш медресесінде білімін жетілдірген. Алғаш қызмет жолын 1998-1999 жылдары Үржар орталық мешітінен бастаған. 2000-2005 жылдары аралығында Үржар ауданы, Бестерек ауылында имам болып қызмет атқарған.
    • 2002-2003 КМДБ-ның жанындағы Ислам институтын тамамдап, 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін ШҚО Семей өңіріне қарасты Үржар ауданының орталық мешітінде бас имам қызметін жасаған.
    • 2010 жылдың 2-қаңтарынан 1-наурызға дейін 2 ай Түркия мемлекетінде имамдардың білімін жетілдіру курсында тәлім алған.
    • Отбасылы 3 қыз, 2 ұлды тәрбиелеуде.

    E-islam.kz

    Пікір жазу