Жаңалықтар

Сауд Арабиясында 40-тан астам электронды БАҚ өз жұмысын тоқтатты

Сауд билігі тіркелмегендіктен 41 электронды басылымның қызметін тоқтатты деп хабарлайды Sky News Arabya телеканалы.

«Мұның басты себебі — осы газеттер мен блогтардың лицензиясының болмауы, сонымен бірге олар қоғамдық толқулардың орын алуына ықпалды болған», – деп мәлімдейді мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Абдель Азиз аль-Мульхем. Өкіл Министрліктің ақпарат құралдарына лицензия алу қажеттігін бірнеше рет ескерткенімен, олар бұл ескертулерді құлағына ілмегенін айтады. Әл-Мульхем өз сөзінде аталмыш электронды басылымдардың ақпарат таратуды емес, қоғамға іріткі салатын сипатта қызмет атқарғанын айтты. 

e-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close