«Ағайынды мұсылмандар» соғыс отрядын жасақтаған

    0
    71

    Египеттің ІІД 2013 жылдың аяғында тыйым салынған «Ағайынды мұсылмандар» ұйымы билікке қарсы әрекет ету үшін өзінің әскери қанатын жасақтағаны туралы мәлімдеген. Бұл тұрғыда «IslamRF.Ru» сайты баян  етеді.

    Құқық қорғау органының ресми өкілі Хани Абдель-Латифтің сөзіне сүйенсек, полицейлер «ағайындылардың» әскери тобына кіретін 12 адамды анықтаған. Олардың бесеуін құрықтау мүмкін болыпты. Соның ішінде бір жансыз өздерінің ішкі жоспарларын мойындаған көрінеді. Ресми өкілдің мәлімдемесінде аталмыш топтың Египеттің оңтүстігіндегі Бени-Суэф провинциясындағы бес полицейдің өліміне тікелей қатысы бары айтылған.

    2013 жылдың желтоқсанында Египеттің уақытша Үкіметі «Ағайынды мұсылмандар» ұйымын лаңкестік топ деп танып, қозғалыстың мыңдаған мүшесі тұтқындалған болатын. Содан бері президент Хосни Мубаракты құлатуды мақсұт еткен топ қызметі заңсыз жүргізіліп келеді.

    e-islam.kz

    Пікір жазу