Жаңалықтар

Ресейде Шығыс үлгісіндегі тұрғын үйдің құрылысына қатысты байбалам туған

Ресейдің Кемеров облысының тұрғындары шығыстық сәулет үлгісіндегі құрылыстың салынуына қарсылықтарын білдірді, деп жазады islam.az.

2013 жылдың 31 желтоқсанында белгілі болғандай, Кемеров облысының Белово қаласының тұрғындары жергілікті билікке хабарласып, мешіт құрылысына наразы екендіктерін білдірген.

Кейін белгілі болғандай, қаладағы салынып жатқан бұл құрылыс мешіт емес, жеке адамның иелігіндегі тұрғын үй құрылысы болып шыққан.

«Неге мешіт деп ойлағанын білмеймін. Құрылыста күмбез бен айшықтар мүлде жоқ. Болғанның өзінде күмбезді үй салуға тиым салынбаған. Кейбір заманауи үйлерге қараңыздаршы храмдарға ұқсайтыны кездеседі. Мұнда тұрған ештеңе жоқ! Мейлі ұқсай берсін. Бұлар бір бірінен айнымайтын Кеңестік дәуірдегі бір типті үйлердің құрылысына үйреніп қалса керек», — дейді жергілікті ислам ұйымы төрағасының орынбасары.

e-islam.kz

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close