Саудияда әйелдердің алғашқы адвокат кеңсесі ашылды

    0
    48

    Сауд Арабиясында әйелдердің алғашқы  заңгерлік фирмасы өз есігін ашты, деп  «Аль-Арабийя» хабарлайды. Фирманың ашылу салтанатына жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысты. Бұл кеңсенің қызметкерлері – өткен жылдың қазан айында  адвокат лицензиясын алған королдіктің төрт нәзік жанды тұрғындары.

    Кеңсенің негізін қалаушы Баян Захран: «Мен заңгер әйелдер құқықтық жүйеге өздерінің зор үлестерін қоса алады , деп есептеймін. Бұл заңгерлік фирма Королдіктегі  сот істері мен әйелдер мәселелерінің тарихынан өз орнын алады», деп мәлімдеді.

    Әйелдердің заңгерлік фирмасы Жидда қаласында ашылды және ол әйелдердің мәселелерін жылжытуға бағытталады. Заңгер әйелдердің қатысуымен болатын еңбек және іскерлік дауларды шешуге қатысқылары келетін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда олардың фирмасынан ер адамдар да көмек ала алады.

    Ол: «Сауд Арабиясының құқықтық жүйесі ерлер мен әйелдерді тең деңгейде қарастырады, адвокаттың ерлердің де, әйелдердің құқығын қорғауға құқығы бар. Бұл Саудияның сот жүйесіндегі жағымды қадам. Әзірге төрт әйел ғана лицензия алды, алайда келешекте олардың саны өсетін болады, деп сенемін», деп хабарлады.

    e-islam.kz

    Пікір жазу