Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: «Менің үмбетіме сүннетіме қатысты 40 хадисті жаттап, жеткізген адамды мен Қиямет күні шапағатыма аламын», – деген.

Осыған орай, жуырда елордамызда «40 хадис» сериясы аясында алғашқы 5 кітабы жарық көрді.

Атап айтқанда, олар: «Жәннатқа жетелер 40 хадис», «Имандылыққа қатысты 40 хадис», «Оразаға қатысты 40 хадис», «Некеге қатысты хадистер», «Білімнің артықшылығына қатысты 40 хадис».

Дін істер комитеті тарапынан тексеріліп, мақұлданған бұл кітаптардың авторы – белгілі дінтанушы Абдуссамад Махат.

Айта кету керек, алдағы уақытта «40 хадис» сериясы аясында өзге де кітаптар жарық көрмек.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  2021 жыл Қазақстанда діни білім алғандар саны

Кітаптарға тапсырыс беру үшін @elorda_kitap инстаграм парақшасына өтіңіз.

Пікір жазу