Қаржы полициясы экстремистік топты құрықтады

    117

    Отандық қаржы полициясы контрабанда және заңсыз мұнай бизнесімен айналысқан қылмыстық топпен оларды бүркелеумен айналысқан кеденшіні құрықтады.

    Осы уақытқа дейін «Аstana» телеарнасы Қазақстан және Молдова Республикаларының азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Ақтөбе облысында 739 тонна мұнай ұрлағанын хабарлаған болатын. Белгілі болғандай, қылмыскерлер тұтқындалғанға дейін қаржы полициясының қызметкерлеріне пара беру арқылы тексерістерді тоқтатуға әрекет жасаған.

    Бүгінде топ мүшесі Ізімовке экстремизм және терроризмді насихаттады деген айып тағылып отыр. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, оған былтырғы қараша-желтоқсан айларында терроризмді ақтайтын идеялар мен көзқарастарды ауызша түрде таратқан деген айып тағылған.

    Қаржы полициясы бұған қоса «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Қонаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. «Ол қылмыстық топ мүддесіне жұмыс істей келе, 1200 АҚШ доллары көлемінде заңсыз сыйақы алған» деді Мұрат Жұманбай.

    e-islam.kz

    Пікір жазу