350 дін қайраткері әлемдік қауымдастыққа үндеу тастады

    0
    183

    Астана. 20 наурыз. KAZISLAM – Әлемнің мұсылман дін басылары Жаңа Зеландияда антиисламдық терактілер үшін жағдай жасаған саясаткерлер, ғалымдар мен ақпарат құралдарын сынға алды.

    Ұлыбритания, АҚШ және ОАР, т.б. әлем елдерінің 350-ден аса ислам ғұламалары мен қайраткері Guardian газетіне ашық хат жіберді, деп жазады IslamNews.

    Хатта 28 жастағы австралиялық террорист Брентон Тарранттың әрекеті мен «исламофобияның жүйеленген жолы» арасындағы байланыс баяндалған.

    «Бұл – рухсыз ғалымдардың, саясаткерлер мен БАҚ-тың әрекеті. Олар әркез ислам діні мен мұсылмандарды қаралауға бағытталған өздерінің өшпенділік әрекеттерін объективтілік желеуімен жария түрде көрсетуіне жол беріп келеді» делінген хатта.

    «Мұсылмандарға қарсы қарулы соғыс Таррант автоматынан басталған жоқ. Ол ондаған жылдар бұрын – БАҚ беттерінде исламофобиялық жарияланым, антиисламдық саясаткерлердің жүздеген баған ақпарат құралдарындағы өшпенділік пікірлері және әлеуметтік желілердегі тоқтаусыз жазбалар арқылы дайындалып келді» делінген ислам ғалымдарының хатында.