27 жыл комада жатқан мұсылман әйел оянды

    0
    592

    27 жыл бұрын комаға түскен науқас толықтай есін жиды, — деп жазады Daily Mail.

    1991 жылы жол апатына ұшыраған БАӘ тұрғыны Мунира Абдулланың бас сүйегі қатты зақымданған. Германияда емделіп жатқан науқастың көлігін Аль-Айн қаласының маңында оқушылар автобусы соққан кезде мұсылман әйелдің жанында ұлы Омар Вебер де болған. Абырой болғанда өзі қатты жарақат алса да, ұлын қалқалап қалған әйелді алдымен жергілікті ауруханаға жатқызған. Кейін нақты диагнозын білу үшін науқасты Лондонға жіберсе, британ дәрігерлері оның жағдайының комаға ұқсас екенін айтып еліне қайтарған. Содан бері оған түтікше арқылы тамақ беріп, физиотерапия жасалып келген.

    Ал 2017 жылы Абу-Даби ханзадасы Мохаммед бен Заид Мунираның жағдайын естіп, оған ота жасау үшін қаржы бөліп, ота жасау үшін Германияға аттандырған.

    Араға бір жыл салып Мунира дыбыс шығара бастаса, тағы бірнеше айдан кейін ұлының есімін атапты. Ал жуырда ғана оянған ол отанына оралып, дәл қазір емделіп жатыр. Бір өкініштісі, оның бұлшық еттері семіп қалған, яғни, атрофияға ұшыраған.