11 тәліп террористер тізімінен жойылды

    0
    4

    БҰҰ террористер тізімінен «Талибан» радикалды қозғалысының 11 өкілі уақытша өшірілді, деп хабарлайды Islam Today.

    Ауғанстан бойынша Ресей президентінің арнайы өкілі Замир Кабулов бұл ауғандық реттеу жөніндегі келіссөздерді жеңілдету үшін жасалғанын жеткізді.

    «Бұл 9 айға арналған уақытша шара. Одан кейінгіні көре жатармыз…» деп атап өтті арнайы өкіл.

    БҰҰ террористер тізімінен уақытша өшірілгендер қатарында «Талибан» көсемінің орынбасары және Катардағы саяси кеңсе басшысы Мулла Гани Барадар бар.

    Еске салсақ, бұған дейін ақпарат құралдарында Мәскеу мен Вашингтон Ауғанстандағы ахуалды реттеуге арналған шараға бару үшін «Талибан» ұйымымен келіссөз жасау нұсқаларын зерттеп жатқаны хабарланған.