KAZISLAM – ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруменен Петропавл қаласы мешіттерінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз» атты мерекелік шаралар өтті.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлесін қосқан ардақты да аяулы ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға сыйлықтар таратылды.

Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қарттарымыз берекелі мерекенің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосқан қала мешіттері имамдарына алғыс білдіріп, бата берді.

Пікір жазу