Өскеменде «Қарттарға құрмет» атты шара өтті

    229

    ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Ислам және отбасы» жылы аясында халықаралық қарттар күні қарсаңында «Қарттарға құрмет» атты шара өткізді.

    Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ас беріліп, шараға ҚМДБ бөлім меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, ұстаз Қуат, Кеңшілік Тышқанұлы қатарлы діни саласының білікті ғалымдары келіп, тағылымды ғибрат айтты.

    Басқосуда ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қазыналы қарияларды мерейлі меркесімен құттықтап, ұрпақ-жұрағаттарына ұлағатты өнегенің үлгісін көрсетіп, ұзақ жасай беріңіздер деп игі тілегін білдірді.

    Өскемен аймағы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Зере Ана» қайырымдылық қорының төрайымы Талшын Қожахметова: «Қарт адамдарға құрмет көрсету-ізгілікке жетелейтін қадам делінген. Біз әркез қарияларымызбен аналарымызды сыйлап, дәстүр сабақтастығын сақтап келеміз. Аталарымызбен аналарымыз аман болсын» деп атап өтті.

    Қариялармен әжелер осындай игі істі ұйымдастырғаны үшін өкілдікке алғыс білдіріп, ақ бата берді.