«Өзін-өзі жаратындарды» қалай дайындайды?

    524

    Екі мыңыншы жылдары Орталық Азияда демократияның дамымағаны, түрлі саяси жағдайлар, нашарлай түскен экономикалық ахуал радикал топтардың ушығуына себеп болды. Ташкенте, Душанбе мен Баткенттегі жарылыстар, аймақтың қауіпті екендігін дәлелдеген фактор болды. Осы оқиғалардан кейін аймақтың қауіпсіздігі Орталық Азия елдері үшін күн тәртібіндегі ең маңызды мәселеге айналды.

    Кеңестік жүйенің кезіндегі Орталық Азия аймағындағы діннің орнын, сыртқы күштердің баптаған содырлары, Иордания мен Сауд Арабиядан келген «Мұсылман бауырлар», түбірін Ираннан алған «Хизб ут Тахрир», Ауғанстанда «Талибан» және Талибанның Өзбекстандағы байланысы «Өзбекстан ислам әрекеті» секілді радикал топтар толықтырды.

    Бұл радикализмнің қалдықтары бүгінде миллиондаған бейкүнәнің жандарына қастандық жасаған ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) сияқты террор ұйымдарының қатарына қосылды. Бейкүнә сәбилермен милары уланған жандарда терроризмге құрбан кетіп жатқандардың да саны күннен-күнге арта түсті.  Әсіресе жанды, «өзін-өзі жаратындарды жетілдіру» («тірі бомба») тәсілдері арқылы үрей салу функциясын орындап-ақ жатыр.

    «Тірі бомбалар» — терроризм содырларының таптырмас және ең қауіпті қаруы.  Соңғы жылдары Түркияда, Европа елдерінде, Таяу шығыста көбейген «тірі бомбаның» психологиясы туралы мақаламның бір бөлігін сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

    Ең қиыны — адам баласының өз өзін жарып жіберуі, адамзат табиғатына қарсы келуі. Бұл жағдай, кей кезде, «тірі бомбаның»  соңғы сәтте бас тартуына мүмкіндік береді. Осыған орай, террор ұйымдары «өзін-өзі жаратындарды» таңдағанда, әсіресе, отбасын жоғалтып алған, өлімшіл ауруға шалдыққан, ауыр жаза алып түрмеден қашқан, есірткіге тәуелді т.б. себептерге байланысты өмірге деген құштарлығын жоғалтып алған және өмір сүру себебі жоқтардың категориясынан таңдайды.

    «Тірі бомба» шабуылдарының көбеюінде, «рөлдік модель» факторы да — қараусыз қалдырылмайтын тармақ. Мысалы, бұрын ешқашан «тірі бомба» жасамайтын ұйым осындай әрекетті орындау арқылы сенсация тудырса, ол осы әрекеттерде қолдануға болатынын дәлелдеп, келесі еріктілерді оңай сендіре алады. Өйткені, бұрын қолданылған әрекеттің адамның ойлау жүйесінде қалыпты  жағдай деңгейіне келтіруге мүмкіндік береді.

    Мысалы, әйгілі Ливандағы Хизбулланың лидерлігіндегі жерлерде «тірі бомба» болған адамдардың суреттерін ұлықтап, басқаларға үлгі ретінде іліп қойған. Сол суреттердің астында өлгендерге арнап жазылған сүйіспеншілік туралы өлеңдер бар. Сол жазылғандарды оқып, тірі бомба болған адамдарды мадақтайды және үнемі зиярат жасайды. Олар осы үрдістерін қайталау арқылы жаңа «тірі бомба» үміткерлерін автоматты түрде гипноз етеді. Осылайша оларды дайындайды. Бұлар сіз ойлағандай ауру немесе психикалық ауру емес. Олар — түгелдей милары уланған (жуылған) тірі бомбалар.

    «Тірі бомба» белсендісіне «өзін өзі өлтіру арқылы басқаларға қастандық істеу» идеясы қалай сіңіреледі? 

    Террорист ұйымдар үшін «тірі бомба» қолдану не үшін тиімді?

    Соңғы уақыттарда әлемнің түкпір түкпірінде «тірі бомбаның» жарылыстары арта түсуде. Террористтер үшін ол — қастандық үшін қолданылатын ең оңай жарылыс түрі.

    Мысалы, «тірі бомба» тетікшені басқанға дейін басқа террорист тарапынан бақыланады, яғни әсерлі әрі нәтижелі қиянат түрі болып саналады. Сондай-ақ жетекшілері туралы ешқандай мағлұмат бере алмайды. Бәрінен ең маңыздысы да, қиянат жоспарының ең қиын бөлігі «қалай қашып құртыламын?» деп ойламайды.

    «Тірі бомба» қалай таңдалады?

    «Өзін-өзі жаратындардың» психологиясындағы зерттеулер барысында жалпы сипат құрылымы да, патологиялық өзіндік ерекшелігі де табылмады.  Барлық содырлардың ең маңызды ұқсастығы, оларға ешкім назар аудармайды.

    Осы орайда ақылға келетін бір сұрақ: «оларда біз бен сіз секілді адамдар ма?». Жалпы алып қарағанда ия. Ғалымдардың айтуынша суицидтік командалардың псиxологиялық әдістерін, анализдерін жасауға тырысып жүрген білім адамдары. Түсіндіру барысында мәзһаб (жол), тариқат (бағыт), сектанттық немесе өзін-өзі өлтіруде қолданылатын әдістерге жүгінеді. Ол «Нарциссистік (өзін өзі сүйетін) руxани құрылым»

    «Шекарадан өтетін тұлға» және «суицидке дейінгі синдром»

    «Өзін-өзі өлтіретін адамдар» мұқият іріктеліп алынады, бұларды активистер немесе белсенділер деп атағанымыз тақырыптың түсінікті болуына ықпалын тигізер. Таңдалған белсенділердің бойынан эмоцияларының бір бағыт бойынша өрбігенің, эмоцияларының оңай іске қосылатынын таңдап алады. Бұдан басқа бұл белсенділер қоғамда орын таба алмайтын адамдар арасынан таңдалады.

    Фото: Назгүл Кенжетай, Ливандағы Хизбулланың лидерлігіндегі жерлер. Суретте «тірі бомбалардың» бейнелері және оларға арналған мадақ сөздер

    Активистің ішкі сезіміне келер болсақ өзін-өзі құрбан ету немесе батыр болуға деген ынтықтық сезімдері бойынан табылады. Әрине бұл сезімдер тікелей қоғамнан алған псиxологиялық қысымнан туындайды.

    Белсенділерді арнайы дайындаған адамдар тарапынан жасалған псиxологиялық қысымның нәтижесінде активист: егер мен бұны жасамасам, қоғамда яки өз ортамда құрметсіз, әлсіз, абыройсыз адам болып қаламын дейтін ойдың болуы.

    Бұл әрекеттердің қандай псиxологиялық себептері бар?

    Миллиондаған адамдар бірдей депрессиялық ортада өмір сүрсе де неге кейбіреулері өз-өзіне қол жұмсайтың командирлер болуға шешім қабылдайды? Олар тірі бомба болғанға дейін қандай псиxологиялық қысым сезінеді?  Суицидтік терроризмнің астында «шаһид» болу сенімі жатыр, яғни дінді пайдалана отырып белсендіні өздерінің теріс пиғылды әрекеттеріне қару ретінде пайдалануы деуімізге болады.

    Дәстүрлермен өскен діндар адамдар ғайыпқа басқа әлемге қатысты уәделерге тез сенеді және оған оңай жолмен жетуді көздейді.

    Ең үлкен марапат олардікі: жерде де, көкте де, жұмақта өлгеннен кейін жер бетінде де батыр қаһарман есебінде еске алынылып мәңгілікке айналады деген сенімге  жетуді мақсат етеді.

    Фото: Назгүл Кенжетай, Ливандағы Хизбулланың лидерлігіндегі жерлер. Суретте «тірі бомбалардың» бейнелері және оларға арналған мадақ сөздер

    Белсенділермен қайта-қайта сөйлесіп псиxологиясы бақылауда ұсталынады. Белсенділердің бойындағы нарциссистикалық сезімдерді сынай отыра, оның осы өмірде болуын, өмір сүруін қайта-қайта ескертіп, соққы беріп отырады. Осылайша оның потенциялы қалыптасады. Сондай ақ бұл адамдардың белсенділерге жәй-жәй «сен осы өмірде саған жүктелген міндетті орындамасаң, саған ешкім құрмет көрсетпейді, адам сияқты өмір сүрмейсің, егер де саған жүктелген тапсырманы орындасаң, топтың атынан әрекет еткен боласың, әрі өзіңді батыр қыласың»деген ойды миына сіңіреді.

    Активистердің бір ойы туындаса, ойын теріске шығарып, дереу жоқ қылады.

    Миды тазалау әдістеріне «ойлауды тоқтату» рәсімін қолданады

    Топ мүшелерін жинап жақсы немесе жаман сөздер айтылып бірнеше сағат бойы xормен жігерлі сөздер қайталанады. Мұндай кездесулер жиі қайталанып ойлау қабілетін бұзады.

    Нәтижесінде бұларда бірақ ой қалыптасады, ол — дұшпанның көзін жою

    Адамның ұялуы және өзін кінәлі сезінуі негізге алынады. Нәтижесінде адам «қорқақ» тамақ ішіп жатып өліп кететіндей күй кешеді. Адамдар тек ақ пен қара түсті ғана көретін өтірікші адамдар қатарына ауысады. Бүгінде олардың өмірінде барлығы сенушілерден және сенбейтіндерден, адамдардан және адам еместерден, барлығы немесе ештеңеден тұрады.

    Мәселелерді шешудің бір ғана жолы бар: Өз-өзіне қол жұмсау арқылы дұшпанның көзін жою. «Тірі бомбаларды» оқыту даярлау процесінде аталған псиxологиялық бейімділік анықталып, мұқият әзірленгенін байқауға болады. Арнайы тренингтердің практикалық бөлігінде олардың батылдықтары сыналып, дайын немесе дайын еместігі анықталады. Жауды жоюдың кез келген тәсілі қолайлы, алайда суицидтік командалардағы пост-гипнотикалық тәртіптің мүмкіндігін мүлдем елемей қалуға болмайды, себебі гипноздың өзінің дәстүрлі құндылықтары бар.

    Фото: Назгүл Кенжетай, Ливандағы Хизбулланың лидерлігіндегі жерлер. Суретте «тірі бомбалардың» бейнелері және оларға арналған мадақ сөздер

    Төрт қабырғалы бір бөлмеде күндерін үнсіздікпен бір қалыпта отырып өткізуі немесе жердің астындағы шұңқырда бір мәйітпен 48-сағат уақытын өткізу немесе т.б..

    Олар үшін жауды жоюдың барлық мүмкіндіктері орынды. Адам өзінің руxани байлығын, сана-сезімін жоғалтуы, қаншама жылдар бойы өз ойынан қайтпауы, арнайы бір псиxологиялық меxанизмнің бар екені және оның қалыптасып, орныққаны тайға таңба басқандай көрініп тұр.

    Соңында адамның алдында екі таңдау қалады «өлу және өлтіру»

    Адам бұл нәрселерді жасауға дайын болған жағдайда псиxиатрлар тарапынан өзін-өзі өлтіргенге дейін, яки өмірінің соңғы сәттерінде жиі бақылауда болады және  дауылдың алдындағы тыныштық секілді адам өзінің ішкі әлемімен көріседі, сонымен қатар индивид салқын қанды немесе дос сияқты, бауыр секілді сезімдер бойынан көріне бастайды.

    Фото: Назгүл Кенжетай, Ливандағы Хизбулланың лидерлігіндегі жерлер. Суретте «тірі бомбалардың» бейнелері және оларға арналған мадақ сөздер

    Соңында қоштасу xатын жазады, достарымен көңіл көтереді, ішіп-жейді, видео ойындар ойнайды.

    Осы нәрселер орындалып болған соң сонғы кезеңге кезек келеді.

    Ол — өлу және өлтіру!

    Назгүл КЕНЖЕТАЙ,
    әскери журналист

    Пікір жазу