Өзбекстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымының кезекті саммитін өткізуге дайын ба?

    0
    123

    Нұр-Сұлтан. 15 сәуір. KAZISLAM – ҚР Президенті 2020 жылы Ташкентте Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технологиялар бойынша екінші саммитін өткізуге қолдау білдірді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде көрсетілген. 

    Тараптар 2017 жылғы қыркүйекте Астанада өткен ИЫҰ ғылым және технологиялар бойынша бірінші саммитінің жұмысын жоғары бағалап, оның қорытындылары мен шешімдерін жүзеге асыруды ИЫҰ екінші саммиті шеңберінде жалғастыруға уағдаласты. 

    Сонымен қатар, Мемлекет басшылары халықаралық саясаттың өзара мүдделі, маңызды мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығын растады және Орталық Азияның гүлденуі мен халықтарының игілігі үшін тұрақтылық пен қауіпсіздік атмосферасын нығайтуға қолғабыс етуге екі жақтың да ұмтылысын атап көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің біріккен мәлімдемесінде ШЫҰ, ТМД, АӨСШК мен басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келіскені және Ауғанстан Ислам Республикасын (АИР) қалпына келтіру үдерісіндегі күш-жігерлерді біріктіруге баса назар аударып отырғаны баяндалған. Қазақстан мен Өзбекстанның президенттері АИР экономикасын жаңартуға бейілділіктерін растады және Ауғанстанмен ұзақ мерзімді тату көршілік ынтымақтастықты өрістету, соның ішінде көлік коммуникациялары, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы ірі жобаларды іске асыру жолымен дамыту қажеттігін жақтайды.