Ғибратты әңгімелер

Әркім өз қамын ойлап жылайды

Күндердің күнінде Басрада белгілі дін ғалымы болған екен. Ол бір күні қатты сырқаттанып, жаны алқымға келерін біліп, барлық отбасын жанына шақырады. Отбасына өмірден өтетінін айтқан уақытта барлығы бірдей жылап, қаймыға бастайды. Әлгі ғалым Әкесіне қарап:

— Сіз не үшін жылап жатырсыз?-деп сұрайды. Әкесі:

— Балам мен сенене айырылып, жалғыз қаламын ба?-деп жылап отырмын. Анасына қарап:

 — Сіз не үшін жылап жатырсыз?-деп сұрайды. Анасы:

— Мен сені жоғалтсам жаным езіліп, күнім қараң болады-деп жылап отырмын. Әйеліне қарап:

—  Сен не үшін жылап жатырсың?-деп сұрайды. Әйелі:

— Мен үшін сенің қамқорлығың үзіліп, біреудің қолына қарап қаламын ба,-деп жылап отырмын. Баласына қарап:  

— Сен не үшін жылап жатырсың?-деп сұрайды. Баласы:

— Жетім қаламын ба, деп жылап отырмын,-дейді. Сонда ғалым:

— Сіздер барлығыңыз өз қарабастарыңызды ойлап жылап жатыр екенсіздер. Мен өлсем ертең арғы жақтағы жағдайым не боларын білмеймін. Мен соған қатты қаймығып отырмын. Маған алаңдап отырған ешкім жоқ екен,-деп жанына қисайып жаны үзілген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close