Бірде Хазіреті Иса пайғамбар (ғ.с.) дінді насихаттап жүргенінде бір топ дінсіздер оған жаман, балағат сөздер айтады. Иса (ғ.с.) болса оларға жылы-жылы сөйлеп түсіндірумен болады.

Қасындағы шәкірттері: «Олар сізге жаман сөздер айтып жатса, сіз неге әлі де оларға жылы сөйлеп, жақсылық жасағыңыз келеді?» – дегенде: «Әркім сөзімен өз ішіндегісін айтады», – деп жауап берген екен.

Демек адамның іс-әрекеттері, қылған қылықтары – оның ішкі жан-дүниесінің айнасы.

Ислам ойшылдарының бірі Мәулана Жәләлуддин әр-Руми: «Қара судың жүздеген кереметі бар. Ол лас, кір болған дүниелердің кірлерін тазалайды. Кәміл мүминге де таза судай кең көңілді, мөлдірдей болған жарасса керек», – депті.

Дайындаған — Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу