Әл-Харам мешітінде намаз оқып, қаза намазды өтеуге бола ма?

    217

    Меккедегі Харам және Мәдинадағы пайғамбар мешітінде оқылған намаздың сауабы мың еселеніп артады. Бұл туралы Алла елшісі (с.ғ.с.): «Менің бұл мешітімде оқылған бір намаз Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан артық. Ал Харам мешітінде оқылған бір намаз одан басқа жерде оқылған жүз мың намаздан артық» [1] деген.

    Ханафи мәзһабы бойынша, аталмыш екі мешітте оқылған бір парыз намаздың сауабы өзге мешіттерде оқылған неше мың парыз намаздың сауабына тең [2]. Демек, қажылық жасаған бір адам қасиетті мекендерде қымбат уақытын бұрынғы қаза болған парыз намаздарын өтеумен өткізсе, ниетіне қарай мол сауап алады.

    Сондай-ақ, қажылық ғибадатын орындаған кісінің тағат-ғибадаты кейінгі өмірінде бұрынғы кезінен де арта түссе, қажылығы қабыл болғанның белгісі. Сол себепті, бұрынғы пәлен жылғы қаза намаздарымды қажылықта болған бірнеше күн ішінде өтеп тастадым деп бойды кеңге салмай, керісінше намазға пысықтық танытқаны дұрыс.

    Самет Оқанұлы
    исламтанушы

    [1] Сахихи ибн Хаббан әл-Хурасани, 1620-хадис.

    [2] Әбу Жағфар әт-Тахауй, Тухфатул ахяр фи тартиби шархи мүшкилил әсар, 1-том, 412-бет.