Әлемдік дін көшбасшыларының  II саммиті Әзірбайжанда өтеді

    0
    120

    Әзірбайжанда Әлемдік дін көшбасшыларының  II саммитіне дайындық жұмыстары басталды. Ауқымды форум 14-15 қараша күндері өтеді, деп хабарлайды Islam Today.

    Республика президенті Ильхам Әлиев форум дайындығы және өткізу үшін ұйымдастыру комитетін құру туралы қаулыға қол қойды. Ұйымдастыру комитетін вице-премьер Әли Ахмедов басқарады.

    Айта кету керек, бұған дейін Әлемдік дін көшбасшыларының саммиті 2010 жылы өткен еді. Оның жұмысына әлемдегі ірі діндер – христиан, мұсылман, иудей және будда діндері өкілдері қатысты. Бакудегі форумға ТМД дін басшылары, Әлемдік православтық шіркеу делегаттары, сондай-ақ Ватикан, Түркия, араб әлемі, Еуропа және Америкадан дін өкілдері жиылды.