Әлемдегі ең қымбат 20 футболшы белгілі болды

    66
    MANCHESTER, ENGLAND - APRIL 10: Mohamed Salah of Liverpool celebrates with teammate Sadio Mane after scoring his sides first goal during the UEFA Champions League Quarter Final Second Leg match between Manchester City and Liverpool at Etihad Stadium on April 10, 2018 in Manchester, England. (Photo by Laurence Griffiths/Getty Images,)

    19 қараша. KAZISLAM – Немістердің әйгілі Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат 20 ойыншының тізімін жариялады.

    Олардың көшін француз футболшысы, «ПСЖ» клубының үздік жас шабуылшысы Килиан Мбаппе (200 млн. еуро) бастап тұрса, екінші орында 180 млн. еуроға бағаланған Килианның әріптесі, бразилиялық Неймар тұр. Ал үздік үштікті мысырлық Мұхаммед Салах (150 млн. еуро) қорытындыласа, Гарри Кейн, Эден Азар мен Леонель Мессидің де трансфердегі бағасы – 150 млн. еуро.

    «Манчестер Сити» мен Англия құрамасының ойыншысы Рахим Стерлинг (140 млн. еуро) 7-ші орынға, 130 млн. еуроға бағаланған Антуан Гризманн (Франция) мен Кевин де Брюйне (Бельгия) 8, 9-орынға жайғасса, М.Салахтың командаласы, Сенегалдың жартылай қорғаушысы Садио Мане үздік он ойыншыны қорытындылап тұр. Оның трансферлік құны – 120 млн. еуро.

     

    Пікір жазу