Әбу Бәкірмен жарысқан Омар ибн Хаттаб

    347

    Күндердің күнінде Омар ибн Хаттаб (р.а.) Әбу Бәкірмен (р.а.) жақсылықта жарысуға бел буады. Бірнеше күн бойы Омар Әбу Бәкірдің жақсылығын көру үшін оны аңдуға кіріседі. Содан бір күні Әбу Бәкір қала сыртына шығып, тасада орналасқан көнерген үйге кіріп кетеді. Бірнеше уақыт болып қайта шығып, кері үйіне қайтады. Мұны бақылап тұрған Омар дереу әлгі үйге барып жағдайды білуге тырысады. Үйге кірген бойда жесір кейуана бала-шағасымен отырады. Омар оның кім екенін сұрайды. Кейуана:

    — Мен – бір Алланың құлымын. Асыраушымыз біраз жыл бұрын дүниеден өткен. Мына балаларды жалғыз бағып отырған анамын, — деп жауап береді. Омар:

    — Менің алдымда ғана сізге келіп кеткен кім екенін білесіз бе? – дейді. Кейуана:

    — Жоқ. Мен оның атын білмеймін. Бірақ, ол күнде келіп, еденді сыпырып, ас дайындап, қорадағы ешкімді сауып беріп, үй шаруасына қарасып кетеді, -дейді. Сол уақытта Омар іштей:

    — Ех, Әбу Бәкір! Мен сенімен жақсылықта жарыса алмаспын, деп күрсінген екен.  

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

     дінтанушы