Һарун Рашидтің соңғы өсиеті

    150

    Күндердің күнінде Һарун Рашид патша өлім халінде төсек тартып жатады. Сол уақытта ол көмекшілеріне:

    -–Мені қабір басына алып барыңдар, — деп бұйырады. Барлығы оны демеп, мазаратқа алып барады. Қабірлерді көрген бойда патша:

    –«Мал-мүлкім маған еш пайда бермеді. Күш-қуатым да жойылып кетті» (Хаққа-29) деп аятты оқиды да, артына қарап көмекшілеріне:

    –Ұмытпаңдар, түн қанша ұзақ болғанымен оның артынан ертелі-кеш күн шығады. Сол сияқты адам ғұмыры қанша ұзақ болғанымен, нәтижесінде қабірге кіреді, — деген екен.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы

    Пікір жазу