Ұстаздың еңбегі ерекше құрметке лайық – бас имам

    135

    21 қаңтар. KAZISLAM – Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 3 жылдан аса уақыт ұстаздық қызмет атқарған түркиялық ұстаз Жевдет Атышманның келсімшарттық жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жамағат алдында құрмет көрсетілді.

    ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы ұстаздың иығына қазақ салтымен шапан жауып, өңір халқының атынан шынайы ризашылық білдіріп, ақ жол тіледі.

    Бас имам: «Дінімізде ұстазға құрмет көрсетудің озық үлгілері бар. Бабаларымыз ежелден ұстазды құрметтеп, білім игеруді айырықша маңызды сауапты іс деп білген. Жевдет ұстаз нәтижелі қызмет атқарып, өңірде аз ғана уақыт ішінде көптеген шәкірттер тәрбиелеп, асыл дініміздің мәртебесін асырды. Сіздің еңбегінің ерекше құрметке лайық» деп атап өтті.

    Жевдет Атышман өзіне қызмет етуіне барлық мүмкіндіктер жасаған ҚМДБ басшылығына, өңірлік өкілдікке, барлық әріптестерімен жамағатқа алғыс білдірді.

    Пікір жазу