Ұлттық құндылықтар тақырыбында семинар өтті

    442

    22 мамыр. KAZISLAM –  Талдықорған политехникалық колледжінде «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тарих және ұлттық құндылықтар» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының баспасөз қызметі.

    Аталған шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының  және Алматы облысының дін істері басқармасының әлеуметтік жоба шеңберінде ұйымдастырылды.

    Семинарға колледж студенттері мен ұстаздар қауымы қатысты.

    Шарада, Алматы облыстық дін істері басқармасына қарасты Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бөлім басшысы Ерлан Матаев «Дәстүрлі емес діни ағымдар: қауіп-қатерлер және оның алдын алу» тақырыбындағы дәріс оқыды.

    Шара соңынан студент жастар ұлттық рухани құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.