Қ.Бисенов: Жастарға рухани тәрбие беру басты назарда

    806

    Жастарға қажетті ең басты үш  нәрсе бар. Олар – жақсы тәрбие, кемел білім және адал еңбек. Болашақ ұрпаққа тәлімі мол тәрбие беру үшін осы үшеуін ұстану қажет. Ертеңіміздің айбынды азаматтары болу үшін, әрбір жас ұрпақ – әрі  тәрбиелі әрі білімді әрі өнерлі де өнегелі болады  деген  сенімдемін.

    Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов «Сыр бойы» газетіне берген сұхбатында осылай деп ой бөлісті.

    Сонымен қатар, Қылышбай Алдабергенұлы сұхбат барысында қазіргі заманғы жастар азаматтық қоғамда мәртебесі кемімейтін мейірімділік, әділдік, шыдамдылық секілді адами құндылықтарды басты орынға қойса, нұр үстіне нұр боларын тілге тиек еткен.

    «Ең бастысы, жастарымыздың өмірлік ұстанымы қалыптасуы керек. Сондықтан рухани қазынаға барынша басымдық беруді басты назарда ұстаудамыз. Біздің өмір сүріп отырған аумалы-төкпелі уақытымыз жайбасарлықты көтермейді. Сол себепті қазақ жастары тәуелсіздіктің тарихи мәнін, маңызын жете түсініп, оның ғұмыры мәңгілік болуы үшін ұлтқа қалтқысыз қызмет етіп, аянбай еңбек етуі керек.Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында дейтін болсақ, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ел болашағын қалыптастыра алады» дейді профессор Қылышбай Бисенов.