Құрбан айттағы қайырымдылық шарасы (ФОТО)

    559

    Нұр-Сұлтан. 12 тамыз. KAZISLAM – Атырау қаласындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалып, қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шараға аниматорлар балаларға түрлі әзілді ойындар ұйымдастырып, би билетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға барынша ат салысты.

    Шара барысында Дін істері басқармасының басшысы өз сөзінде Қ.Көшқалиев Құрбан айттың шығу тарихын атап өтті. Мұндағы мақсат жасаған қайырымдылықты мақтаныш ретінде көрсету емес, қайта өзге жамағаттарға ой салу, жақсылықтан құр қалмай қайырымдылық шараларына үлес қосуға үндеу, Құрбан Айт мерекесін балаларға түсіндіру, қамқор болуға баулу.

    Мерекелік шараның соңында қазақтың ұлттық тағамдарымен дәм татылып, бағалы сыйлықтар табысталды. Орталықтың басшылығы мен тәрбиешілері қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.