Құран әріптерінің кереметі

    0
    529

    Баршаға мәлім қасиетті Құран араб тілінде түскен. Жалпы, араб тілінде 28 әріп бар. Ол жер бетінде көне семит тілдердің қатарына жатады.

    Әріптердің тәртібі Құран түскен уақытта бір жүйеге рет-ретімен арнайы алфавит болып қойылмаған болатын. Бұл жүйе Мұхаммед с.а.у. пайғамбар дүниеден өткеннен кейін шамамен һижра жылы бойынша 80-90 жылдары қолға алынған. Сол уақытта араб тіліндегі әріптер 1-ден 28-ге дейін «әлиф» әрпінен «йай» әрпіне дейін арнайы реттік санмен белгіленді және бұл реттік жүйе «һижай» — «هجاء» деп аталды.

    (төменгі суретте әріптер реттік сан бойынша көрсетілген)

    Осындай реттік сан жүйесі өз кезегінде Құран аяттарының байланысын, тілдік мұғжизаларын анықтауға көмек теседі. Айталық, ең алғашқы түскен аяттың алғашқы сөзі «اقْرَأْ» яғни, «Оқы!» дегенді білдіреді. Бұл сөз 4 (اقرا) әріптен тұрады. Һижай жүйесі бойынша аталмыш сөздегі әріптердің реттік сандары келесідей болады:

    Әріптер Реттік саны Сандардың қосындысы
    1 ا 1

    1+21+10+1=33

    2 ق 21
    3 ر 10
    4 ا 1

    Ал, енді «الْقُرْآن» — «әл-Құран» сөзін осы кестеге салып көрелік:

    Әріптер Реттік саны Сандардың қосындысы
    1 ا 1

    1+23+21+10+1+25=81

    2 ل 23
    3 ق 21
    4 ر 10
    5 آ 1
    6 ن 25

    Енді «اقْرَأْ»яғни, «Оқы!» сөзіндегі реттік сан нәтижесінде шыққан 33 санын «الْقُرْآن» — «әл-Құран» сөзінен шыққан 81 санын бірге қосар болсақ 33+81=114 саны шығады. 114 өз кезегінде Құран Кәрімдегі сүрелердің жалпы саны.

    Сонымен қатар «اللَّهُ» — «Аллаһ» сөзін дәл осы кесте бойынша санайтын болсақ мынадай нәтиже шығады:

    Һижай әріпі Һижай реттік саны Сандардың қосындысы
    1 ا 1

    1+23+23+26=73

    2 ل 23
    3 ل 23
    4 ه 26

    Дәл осы «Аллаһ» деген сөздегі 4 әріп яғни, «ا», «ل», «ل», «ه» Құрандағы барлық муқаттаға (Құранда кейбір сүрелер әріптермен басталады. Бұл әріптер алфавиттегі негізгі атауларымен оқылады. Осы әріптер муқатта‘а әріптері деп аталады. Құранда 29 сүре мұқаттаға әріптерімен басталған. Мұқаттаға әріптері барлығы 14 әріп. Олар: әлиф, хә, ра, син, сад, та, айн, қаф, кәф, ләм, мим, нун, һә, иә) аяттарында төмендегідей рет кездеседі:

    Һижай әріпі Рет кездеседі Сандардың қосындысы
    1 ا 13

    13+13+13+2=41

    2 ل 13
    3 ل 13
    4 ه 2

    Ендеше осы екі кестедегі шыққан қорытынды санды бір біріне қосар болсақ яғни, 73+41=114 саны шығады. Бұл да болса Құран Кәрімдегі сүрелердің жалпы саны.

    Осылайша біз араб тілінің реттік саны арнайы жүйе болып Құран түскеннен кейін 80 жылдан соң барып бекітілгенмен оның Құран Кәрім мазмұнымен өте тығыз байланыста қалғанын ескеруіміз керек. Бұл өз кезегінде Құранның иләһи кітап әрі теңдессіз кереметі (мұғжизаға) толы екенін тағы бір айғақтайды.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,
    дінтанушы