Құран оқудың қандай әдептері бар?

    0
    186

    Құран асығыс, немқұрайлы оқылмайды. Құранды оқыған уақытта әріптер дүрыс әрі орынды (махраждан) шығарылып, тәжуидпен (Құран оқу ережесіне сәйкес) оқылады. Сол себепті оны оқыған кісі мұқият оқиды, естіуші оған құрмет көрсетеді. Оқылған аяттың мүмкіндігінше мағынасына да көңіл бөлінеді.

    «Олар Құран туралы ойланбай(ды) ма?! Әлде жүректерінде құлыптары бар ма?!» – дейді (Мұхаммед: 24).

    Бірде Алланың елшісі (с.ғ.с.) кеш бата Айша анамызды (Алла одан разы болсын) күтіп отырады. Айша анамыз біраз кешігіп келеді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған:

    Айша, неге кідірдің? – деп сұрайды. Анамыз:

    – Бір адамның Құран оқығанын естіп тұрақтап қалдым. Мен одан асқан көркем дауыс естігенім жоқ – деп тамсана жауап береді. Бұған қызыққан Алланың елшісі (с.ғ.с.) орнынан тұрып, әлгі тарапқа бет алады. Ұзақ уақыттан соң келіп:

    Бұл, Салим ғой. Менің үмбетімнің ішінен осындай адамды шығарған Аллаға мақтау болсын! – дейді.