Қытайда коронавирустан мыңдаған адам көз жұмды

    119

    19 ақпан.  KAZISLAM — Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет.

    Өткен тәулікте (18 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) Қытайда 1749 адам коронавирус жұқтыру жағдайы анықталды (Хубэй провинциясында – 1693), 136 адам қайтыс болды. 1824 адам емделіп шықты (Хубэйде 1266 адам).

    Соңғы деректер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандар саны 74185 адамды құрап отыр, қайтыс болғандар саны – 2004, емделіп шыққандар – 14376 адам. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 135 мың адам медициналық бақылауға алынған.

    Пікір жазу