Қызылжарлықтар теолог мамандардың санын арттырмақ

    0
    212

    Нұр-Сұлтан. 20 сәуір. KAZISLAM – Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы іс-сапармен келген дін саласына қатысты  бірнеше мекемелердің өкілдерін қабылдады. Бұл туралы nmu.kz сайты хабарлады.

    Кездесу барысында Профессор Мухаммад әл-Жинди университет жайында таныстырып, болашақ дін мамандарының машықтану жағдайларын да жеткізген. Сонымен қатар университеттің оқытушы-ғалымдары мен түлектерінің аймақ үшін маңызына тоқталды.

    Кездесу нәтижесінде Нұр-Мүбарак университеті үш тараппен, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, облыстағы ҚМДБ өкілдігі және жергілікті Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл туралы меморандумға қол қойған.

    Кездесу соңында Қызылжарлықтар қонақтар аймақтық студенттермен жолығып, олардың хал-жағдайларымен де танысқан.