Қостанай: Сақтықта қорлық жоқ!

    82

    Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде төркүл дүниені жайлаған коронавирус індетіне байланысты арнайы мамандар шақырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Атамыз қазақ «сақтықта қорлық жоқ» деп босқа айтпайды. Осындай қиын кезде халқымызға ауызбірлік, ынтымақ қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз тазалық пен сақтыққа ерекше мән беріп, бір-бірімізден көмегімізді аямауымыз қажет.

    Мешіт наиб имамы Нұрлан Сейдағалиевтің қадағалауымен дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

    — Бұдан басқа мешітте күнделікті тазалық жұмыстары да қатаң бақылауда. Ал мешітке келушілерге кеңесіміз: міндетті түрде маскамен келсе нұр үстіне нұр болады, дейді дін қызметкерлері.

    Пікір жазу